Түбіртек есептік айдан кейінгі әр айдың сегізі күнінен кешіктірілмей электронды поштаға жолданып отырады. Абонент түбіртекті басып шығарып, өзіне қолайлы жолмен төлейді, деп хабарлайды Skifnews.kz.
«Астана ЕРЦ» ЖШС тұрғындарға қолайлы болуы үшін арнайы қызметін ұсынады.
— Біз түбіртекті ай сайын тұтынушының e-mail мекенжайына жолдау қызметін ұйымдастырдық, —деді «Астана ЕРЦ» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы Тимур Есенгельдин.
Қала әкімдігінің ресми сайтының хабарлауынша, түбіртекті ай сайын электронды поштаға алып отыру үшін ұйымның кез-келген абоненттік учаскесіне барып, өтініш жазу керек. Сонымен қатар, оған пәтер иесінің жеке куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі тіркеледі.
Қызметке қатысты барлық мәселелер бойынша Отырар к-сі, 5, Бөгенбай батыр даңғылы, 50, Б.Момышұлы даңғылы, 10, Сауран к-сі, 7 г, 2 шағын аудан 6 мекенжайлары бойынша «Астана - ЕРЦ» ЖШС хабарласуға болады.