$ 445.66  474.58  4.78

Қазақстандық кәсіпкер Нибалидің велосипедін 51 млн-ға сатып алды

«Тур де франс-2014» көпкүндігінің жеңімпазы Винченцо Нибалидің велосипеді Бурабайда бәс саудаға салынды. Нәтижесінде, атақты велошабандоздың велосипедін белгілі кәсіпкер Нұрлан Смағұлов 51 миллион теңгеге сатып алды, деп хабарлайды 7 арна.

Аукционда негізінен екі адам бақ таласты. Оның бірі миллиардер Болат Өтемұратов, екіншісі белгілі кәсіпкер Нұрлан Смағұлов.

Алғашқысы Нибалидің велосипедін 50 миллион теңгеге сатып алатындығын айтқан еді, алайда бәссаудаға Нұрлан Смағұлов нүкте қойды.

Сонымен қатар, Нибалидің көшбасшылық сары жейдесі 5 миллион теңгеге сатылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бәссаудадан түскен қаражаттың барлығы қайырымдылық шараларына жұмсалады.

— Осы шараға қатысуға ұсыныс жасағанда мен бірден келістім. Бұл бәс саудадан түскен қаражат ауруханаға жіберіліп, бірталай баланың өмірін сақтап қалуға септігін тигізеді деген сенімдемін, — дейді Винченцо Нибалидің өзі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары