$ 448.94 € 502.05 ₽ 5.26

Алматы облысында ит асыраушы ер адам өлтіріліп, 90 ит қараусыз қалды

Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, қылмыстық іс 7 қазанда қозғалған.

Фото: @arsenkabdenov
Фото: @arsenkabdenov

Алматы облысында 90 итті бағып-күткен Владимир Тепляков өлтірілді. Ол Dog House – «Твардовский дом» жануарлар панасын құрған. Кісі өлтіру дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, қылмыстық іс 7 қазанда қозғалған. Қазір күдіктілерді анықтап, ұстау үшін тергеу және жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу жалғасуда. Істің тергелу барысы Алматы облысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, – делінген полиция хабарламасында.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеуге қатысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0