$ 451.31 € 504.56 ₽ 5.36

Ауа райы: еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауады

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Алдағы күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және қар аралас жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамынша, 15 қазанда елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. 15 қазанда елдің шығысы мен солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Тек республиканың орталығы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Жалпы ел аумағында жел күшейіп, түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіліп отыр.

Ауа температурасының төмендеуі еліміздің басым бөлігінде болжанады:

  • Солтүстік-батыста: күндіз +10…+22°С;

  • Солтүстікте: түнде -1…-6°С, күндіз +3…+13°С;

  • Орталықта: түнде -6…+3°С, күндіз +4…+15°С;

  • Шығыста: түнде -5…+5°С, күндіз -1…+9°С;

  • Оңтүстік-шығыста: түнде +5…+10°С, таулы аудандарда -2…+3°С, күндіз +10…+22°С, таулы аудандарда +5…+10°С.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0