$ 448.45 € 501.59 ₽ 5.36

Өскеменде студенттер жатақханасынан өрт шықты (ВИДЕО)

Өрттің шығу себебі анықталуда. 

Фото: Видео скриншот
Фото: Видео скриншот

Өскемен қаласындағы 30-шы Гвардиялық дивизия көшесінде орналасқан студенттер жатақханасының тоғызыншы қабатындағы бөлмеден өрт шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 2026 жылғы 13 қазанда жатақхана әкімшілігі тұрғындарды шұғыл эвакуациялаған. 

Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері жедел түрде өртті сөндіруге кірісті. Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол берілмей, 16 шаршы метр аумақтағы өрт толық сөндірілді,- делінген хабарламада. 

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0