$ 450.62 € 504.2 ₽ 5.36

«Такси да келмейді»: Астанада тұрғындар батпаққа батқан көшенің азабын тартып отыр

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Астанадағы Атамұра көшесінің тұрғындары жолдың нашар жағдайына шағымданды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан көшенің ой-шұңқырға толып, көлік жүретін жолдың батпаққа айналғанын көруге болады. Тұрғындардың айтуынша, әсіресе жасы үлкен адамдарға үйіне жетудің өзі мұң болған. Тіпті жолдың жағдайына байланысты шақырған таксилері де келмейтін көрінеді. Көше тұрғындарының өтінішімен мәселені көпшілікке жеткізген азамат елордадағы жолдардың мұндай күйде ұзақ жатпауға тиіс екенін айтты.

Енді тұрғындар жауапты мекемелердің мәселеге назар аударып, жолды қашан ретке келтіретінін күтуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0