$ 450.62 € 504.2 ₽ 5.36

Алматыда жаппай уланып, ауруханаға түскен оқушылардың саны 55-ке жетті

Барлық балаға қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр.

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com

Республикалық физика-математика мектебінің тағы төрт оқушысы Алматыдағы инфекциялық ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпара порталы. 

12-15 қазан аралығында Республикалық физика-математика мектебінің 55 оқушысы жіті ішек инфекциясының белгілерімен Балалар қалалық клиникалық инфекциялық ауруханасына жатқызылған.

— Барлық балаға қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр. Оларды емдеуге барлық жағдай жасалды. Науқастар медицина мамандарының тұрақты бақылауында. Қазіргі уақытта ауруханаға жатқызылған балалардың жағдайы тұрақты. Жансақтау шараларын қажет ететін жағдайлар тіркелген жоқ, — деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0