$ 450.62 € 504.2 ₽ 5.36

«Бәріне қайта баулу оңай емес»: Ақбаян Мұқанғалиеваның қазіргі жағдайы белгілі болды

"Бұрын Ақбаян сот орындаушысының көмекшісі болған".

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Атырауда болған ауыр қылмыстан кейін ата-анасы мен екі бауырынан айырылған Ақбаян Мұқанғалиеваның қазіргі жағдайы белгілі болды,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желілерде Ақбаян Мұқанғалиева бейнеленген видеолар таралып, көпшіліктің назарын аударды. Марқұмдардың туыстарының бірі оның қалыпты өмірге қайта бейімделуі үшін ұзақ уақыт бойы қолдау көрсетіп, жүйелі жұмыс жүргізу қажеттігін атап өткен.

«Бұрын Ақбаян сот орындаушысының көмекшісі болған. Тағдыр тәлкегімен бәрінен айырылған бауырым-ай. Бәріне қайта баулу оңай жұмыс емес», — деп жазылған әлеуметтік желідегі жазбада.

Еске салайық, арнайы емдеу мекемесінен шыққан Ақбаян Мұқанғалиева ұзақ сынақтан кейін балаларымен қайта қауышқан еді. Қазір ол туыстарының қамқорлығында болып, ем қабылдауын жалғастырып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0