Сонымен қатар журналист Жан Ахмадиев күдікті Мадиярдың полиция қызметкерлерімен байланысы бар екенін айтты.
Журналист Айнұр Асанберді Меркі ауданында барни үшін қаза тапқан қыздың анасынан алған сұхбатын жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Марқұмның анасы қызының күйеуі тарапынан зорлық-зомбылық көргенін, бірнеше рет төркініне қайтып келгенін айтты.
«Қызым күйеуінің ұратынын айтатын, неше рет қайтып келді. Мадияр сол күні кешірім сұрап, звондайды, сол күні қайтадан кетеді үйіне. “Кетпе, кетпе” десем де, қайтып кететін. Полицияға бір рет шағымданған. Бірақ енесі: “Қызыма, қайын атаң түрмеде жатыр, неге сен үйге полиция әкелесің?” деген. Содан кейін шақырмайтын болған.
Мадиярдың әкесі түрмеде. Авария жасап, бір адамды өлтіріп алған. Ол түрмеде болса да, қызым үйге келсе, “Қайт, қайт” деп звондайды. “Атамның сөзі – сөз” дейтін. Өзім әкесіз өстім деп, қатты сыйлайтын», – деді Мадинаның анасы.
Сонымен қатар журналист Жан Ахмадиев күдікті Мадиярдың полиция қызметкерлерімен байланысы бар екенін айтты.