2026 жылғы тамызда Instagram қолданушылары 43,88 млн жарияланым бөліскен.
Instagram Қазақстандағы ең белсенді әлеуметтік желі болып қалды. Ал Threads танымалдылығы артып, қоғамдық мәселелер талқыланатын алаңға айналып келеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қазақстандықтар қай әлеуметтік желілерде белсенді?
2026 жылғы тамызда Instagram қолданушылары 43,88 млн жарияланым бөліскен. Платформада контент жариялаған белсенді авторлар саны 4,75 млн адамға жеткен.
Екінші орынға Threads жайғасты. Бір айда желіде 13,52 млн жарияланым жарық көрген. Олардың авторлары — 1,23 млн қолданушы.
Зерттеушілер Facebook пен YouTube-та да белсенділік артқанын атап өтті. Бір жылда Facebook-тағы жарияланымдар екі есеге жуық, ал YouTube-та 20%-ға көбейген.
Қазақстандықтар жаңалықты қайдан біледі?
Demoscope ұйымының 2026 жылғы ақпан–наурыз айларында 1100 адам арасында жүргізген сауалнамасына сәйкес, әлеуметтік желілер қатысушылардың басым бөлігі үшін негізгі жаңалық көзіне айналған.
Сауалнама нәтижесі бойынша:
Алайда ақпарат көзінің танымал болуы оған деген сенімнің жоғары екенін білдірмейді.
Мемлекеттік БАҚ-қа сауалнамаға қатысқандардың 57,4%-ы, жекеменшік БАҚ-қа 37,3%-ы сенеді. Ал блогерлер мен пікір көшбасшыларына сенетіндердің үлесі — 16,6%.
Әлеуметтік желілердің маңызы неге артып келеді?
Әлеуметтік желілер оқиғалар туралы жедел білуге, пікірлерді оқуға және өзекті тақырыптардың талқылануын бақылауға мүмкіндік береді. Дегенмен желіде тараған ақпарат әрдайым тексерілген бола бермейді.