$ 452.12 € 508.95 ₽ 5.41

Бельгиялықтар патшайымы Астанада қазақ зергерінің гауһар сырғасын тақты

Фото: Instagram/Saltanat Diamond Gallery
Фото: Instagram/Saltanat Diamond Gallery

Бельгия королевасы Астанадағы мемлекеттік кешкі аста қазақ зергерінің гауһар сырғасын тақты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бельгия королі Филипп пен королева Матильданың 2026 жылғы 11–14 қазандағы Қазақстанға мемлекеттік сапары шетелдік басылымдардың назарына ілікті. Британдық Hello! журналының хабарлауынша, королева Матильда 12 қазанда Астанадағы Қабылдау үйінде (Салтанат сарайы) өткен мемлекеттік кешкі аста қазақстандық зергерлік үй Saltanat жасаған жаңа гауһар сырғалар тағып келген.

Корольдік сапардың ерекшелігі

Hello! журналының корольдік корреспонденті Элинор Дайдың жазуынша, бұл — Бельгия корольдік жұбының Орталық Азияға жасаған алғашқы ресми сапары. Корольдік жұп 12 қазанда Ақорда резиденциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті, кешке мемлекеттік кешкі асқа қатысты.

Басылым королева Матильданың Elie Saab сән үйінің 2025–2026 жылғы күз-қыс топтамасынан қызыл комбинезон мен кейп киіп, қазақ зергерінің гауһар сырғаларымен толықтырғанын атап өтті. Ресми мемлекеттік банкет болмағандықтан, королева тиара кимеген.

King Philippe and Queen Mathilde of Belgium attended a state dinner in Kazakhstan

Корольдік сәнді зерттейтін UFO No More блогы да бұл бұйымды королеваның әшекей жинағына жаңадан қосылған «Saltanat Diamond Earrings» ретінде тіркеген.

Saltanat Diamond Gallery — қандай бренд?

Saltanat Diamond Gallery — Астанада орналасқан зергерлік үй. Салоны Гейдар Әлиев көшесі, 14 мекенжайындағы Hilton Astana қонақүйінде орналасқан.

Компанияның ресми сайтындағы мәлімет бойынша, брендтің негізгі қағидаты — халық дәстүріне адалдық, ымырасыз сапа және клиентпен ашық қарым-қатынас. Бұйымдардың басты ерекшелігі — гауһар таспен безендірілген қазақ ою-өрнегінің заманауи интерпретациясы. Зергерлік үй өз миссиясын ұлттық дәстүрден шабыт алатын, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалатын бұйымдар жасау деп сипаттайды.

Брендтің сайтында көрсетілген қосымша мәліметтер:

• әр бұйымға сапа мен түпнұсқалық сертификаты беріледі, асыл тастар GIA сертификатымен расталады;
• каталогта сырға, сақина, алқа, білезік, брошь және балаларға арналған бұйымдар бар;
• жеке эскиз бойынша тапсырыс қабылданады, әлем бойынша жеткізу жүзеге асырылады.
Ашық тізілім деректеріне сәйкес, «Luxury Jewelry from Saltanat» ЖШС 2024 жылғы 16 қарашада Астананың Есіл ауданында тіркелген.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0