Көкшетауда жол бойында шашылып жатқан бетон қалдықтары тұрғындардың наразылығын тудырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан асфальттың үстінде ірі бетон кесектері мен құрылыс қалдықтары жатқанын көруге болады. Желі қолданушыларының бірі бұл үйінділердің екі айға жуық уақыттан бері жиналмай жатқанын айтып, көлік жүргізушілеріне қауіп төндіретінін жазған. Қала тұрғындары мұндай жағдай Көкшетаудың басқа көшелерінде де бар екенін айтып шағымдануда. Видео авторы қала әкімдігіне үн қатып, жауапты мекемелердің бұл мәселеге назар аударатынын не аудармайтынын сұрады. Әзірге бетон қалдықтарының қашан шығарылатыны туралы ресми ақпарат жоқ.