$ 452.59 € 507.67 ₽ 5.48

Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті

71 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі қажетті медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.

Астана қаласы ПД
Астана қаласы ПД

Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан ассенизатор жүк көлігі көпірден құлап кетті. 71 жастағы жүргізуші ауруханаға жеткізілді.

Ведомствоның мәліметінше, 19 қазанда елорданың айналма жолында Tesla көлігі мен ассенизатор жүк көлігі соқтығысқан.

Tesla көлігін басқарған 49 жастағы әйел көпірге көтерілетін жолайрықпен келе жатып, басты жолмен қозғалып келе жатқан жүк көлігіне жол бермегені анықталды. Салдарынан көліктер соқтығысып, жүк көлігі жол қоршауын бұзып, көпірден құлап кеткен, – деп мәлімдеді полиция.

71 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі қажетті медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып, тексеру жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0