$ 452.59 € 507.67 ₽ 5.48

«Алжыған ұятсыз!»: Тойда анайы бата берген ер адам көптің ашуына тиді (ВИДЕО)

Видео Instagram желісінде тарады. 

Фото: Видео скриншот
Фото: Видео скриншот

Әлеуметтік желіде орта жастағы ер адамның үлкен тойда берген батасы көпшіліктің ашуын туғызды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Видео Instagram желісінде тарады.

Видео авторы: «Батаның бұндай түрі де болады екен. Сөзім жоқ, адамға сана бермесе, қиын», – деп жазды.

Желі қолданушылары да видеоны қызу талқылап, түрлі пікір білдірді.

«Жезделері шығар», «Жастарға ақыл айтатын ақылды, дана қарияларымыз азайып бара жатқаны өкінішті», «Іріген ауыздан шіріген сөз шығып, мынауы енді не сандырақ?!», «Самайының ағынан ұялсайшы!», «Бата сұрайтын адамның түрі мынау», «Аузынан бір соғатын адам жоқ па?» – деп жазды олар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#бата