$ 452.59 € 507.67 ₽ 5.48

Терісін күйдіріп, ақшасын алған: Павлодарда сұлулық салоны дауға қалды

Процедура кезінде қала тұрғыны термиялық күйік алған. Кейін бұл жағдайды дәрігерлер де растаған. 

Фото: irinakhrustaleva.com
Фото: irinakhrustaleva.com

Павлодарда терісін күту үшін сұлулық салонына барған әйелдің денесі күйіп, күтпеген жағдайға тап болды. Оның үстіне, процедура үшін 132 мың теңге төлеген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Процедура кезінде қала тұрғыны термиялық күйік алған. Кейін бұл жағдайды дәрігерлер де растаған.

Клиенттің айтуынша, оның терісіне күтім жасаған маманның салон қызметкері емес екені кейін белгілі болған. Осыдан соң Павлодар тұрғыны салон әкімшілігін сотқа беріп, келісімшартты бұзуды, пайдаланылмаған қызметтер үшін 127 мың теңгесін қайтаруды және денсаулығына келтірілген зиян үшін өтемақы төлеуді талап еткен.

«Салон келісімшартты үзу туралы бойжеткеннің талабын орындаудан бас тартқан. Біздің қызметкерлеріміз оған құқықтық көмек көрсетіп, жағдайды реттеуге атсалысқан», – дейді облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері.

Нәтижесінде екі тарап өзара келісімге келіп, сұлулық салоны клиентіне талап еткен 127 мың теңгесін қайтарып берген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0