$ 452.59 € 507.67 ₽ 5.48

Алматы облысында көпір қирап жатыр: тұрғындар әкімдіктен жөндеуді талап етті

Әлеуметтік желіде тараған видеодан көпірдің кейбір тұстары бұзылып, темір арматуралары ашық қалғанын көруге болады.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Панфилов ауылдық округінде тұрғындар Үлкен Алматы каналының үстінен өтетін жаяу жүргіншілер көпірінің жағдайына шағымданды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Олардың айтуынша, көпірдің бетоны үгітіліп, бұрын орнатылған қоршаулары жоғалған. Әлеуметтік желіде тараған видеодан көпірдің кейбір тұстары бұзылып, темір арматуралары ашық қалғанын көруге болады.

Тұрғындар қауіпті өткелді жөндеп, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етіп отыр. Алматы облысының әкімдігі көпірді жөндеу биылғы қазан айына жоспарланғанын және қажетті қоршаулар сатып алынғанын хабарлады.

Алайда шенеуніктер жөндеу жұмыстары облыстық жол жаңартылған кезде жүргізілетінін айтып отыр.

Видео: @halyqpress.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#көпір #Алматы