$ 452.59 € 507.67 ₽ 5.48

Қазақстаннан Үндістанға 10 жаңа бағытта тікелей рейс ашылады

Бұл туралы ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік апталығында Көлік вице-министрі Талғат Ластаев айтты.

Фото: Эйр Астана
Фото: Эйр Астана

Еліміз Қытай, Түркия, Үндістан және Ресеймен әуе қатынасын кеңейтпек. Сондай-ақ Еуропаға жаңа бағыттар ашу жоспарланған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік апталығында Көлік вице-министрі Талғат Ластаев айтты.

Оның сөзінше, алдағы жылдары елдегі халықаралық әуе бағыттарының санын 160-қа дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Үндістан — елімізге жақын орналасқан, әрі қарқынды дамып келе жатқан ірі нарықтардың бірі. Қазақстан осы елдің 10 қаласына тікелей рейс ашуды көздейді.

Қытайға қатынайтын рейстер санын да 30-ға жеткізу жоспарланып отыр.

— Ал Түркиямен және Ресеймен әуе қатынасын кеңейту транзиттік тасымалды дамытуға мүмкіндік береді. Ресеймен әуе қатынасын дамытуға арналған «500+» бағдарламасы бар. Ол негізінен халқы 500 мыңнан асатын шекаралас қалалармен тікелей әуе қатынасын орнатуға бағытталған. Бұл бағыттар бойынша нақты жоспарларымыз бар, — деді Талғат Ластаев.

Мұнан бөлек, Еуропа елдеріне де жаңа әуе бағыттарын ашылады.

— Бұл жұмыс кезең-кезеңімен жүзеге асады. Қазақстан жыл сайын бірнеше жаңа рейс іске қосуды жоспарлап отыр, — деді ол.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0