$ 448.61 € 503.83 ₽ 5.48

Қазақстан төлқұжаты Орталық Азиядағы ең мықты деп танылды

Әлемдік тізімде Қазақстан Таиландпен қатар 66-орынға жайғасқан. Бұл – Орталық Азия елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш.

Фото: ЖИ
Фото: ЖИ

Қазақстан паспорты Орталық Азия елдері арасында ең жоғары орынға ие болды. Ал әлемдік рейтингте еліміз 66-орынға тұрақтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Henley & Partners компаниясы әлемдегі ең мықты төлқұжаттар рейтингін жариялады. Онда паспорт иелерінің алдын ала виза рәсімдемей бара алатын елдерінің саны ескеріледі. Рейтинг азаматтардың әлем бойынша еркін жүріп-тұру мүмкіндігін бағалайды.

Әлемдік тізімде Қазақстан Таиландпен қатар 66-орынға жайғасқан. Бұл – Орталық Азия елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш.

Салыстырмалы түрде алғанда, Қырғызстан 81, Өзбекстан 82, Тәжікстан 87, ал Түрікменстан 93-орында тұр.

Әлемдегі ең мықты паспорт Сингапурға тиесілі. Екінші орынды Жапония, Оңтүстік Корея және Біріккен Араб Әмірліктері бөлісті. Үздік үштікті Швеция түйіндеді.

АҚШ паспорты рейтингте 10-орында болса, Ұлыбритания алтыншы орынға тұрақтаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0