$ 448.61 € 503.83 ₽ 5.48

Атырауда 6-сынып оқушысы қатарластарына пышақ оқтап, қорқытқан

Атырау қаласындағы мектептердің бірінде 11 жаcтағы оқушы білім ордасына пышақпен келген.
 

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com

Алдын ала мәлімет бойынша, 6-сынып оқушысы сабаққа пышақ алып келген. Оның бұл іс-әрекеті қатарластарымен болған келіспеушілікпен байланысты болуы мүмкін, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Атырау облыстық полиция департаменті болған жағдайды растады. Абырой болғанда, оқушы пышақты пайдаланып, ешкімді жарақаттамаған. Зардап шеккендер жоқ.

Қазір мемлекеттік органдар тарапынан профилактикалық жұмыс жүргізіліп жатыр.

— Аталған жағдай бойынша оқушылар арасындағы буллинг белгілерін, оқушының эмоционалдық жағдайын және қауіпсіздік тәуекелдерін анықтау мақсатында тиісті психологиялық-педагогикалық жұмыс өткізіледі. Сонымен қатар қазіргі уақытта мектеп әкімшілігі тарапынан оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жағдайға қатысы бар оқушылармен профилактикалық жұмыс жүргізіліп жатыр, — деп мәлімдеді облыстық балалардың құқығын қорғау жөніндегі басқарма.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0