$ 448.61 € 503.83 ₽ 5.48

Америкалық музыкант «Адай» күйін орындады (ВИДЕО)

«Қазақконцерт» сахнасында америкалық өнерпаз «Адай» күйін орындады.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Республика күніне орай «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында «Біздің жәрмеңке» атты мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Кеш барысында халық әндері мен күйлері орындалып, жыр-термелер шырқалып, ұлттық билер ұсынылды.

Сахнада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Нұржан Жанпейісов, күйші-зерттеуші Айтолқын Тоқтаған, «Қыздар» ансамблі мен «Шалқыма» би ансамблі және басқа да өнерпаздар өнер көрсетті.

Концерттің ерекше сәттерінің бірі — АҚШ-тан келген әуесқой музыкант Джеффтің домбырамен Құрманғазының әйгілі «Адай» күйін орындауы болды. Оның өнері көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, қазақтың күй өнеріне шетелде де қызығушылық жоғары екенін көрсетті.

Мәдениет және ақпарат министрлігі мәліметінше, «Біздің жәрмеңке» концерті ұлттық мәдени мұраны дәріптеп, дәстүрлі өнер мен заманауи шығармашылықты тоғыстырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0