$ 448.61 € 503.83 ₽ 5.48

ШҚО-да Риддер қаласын қалың қар басып қалды (ВИДЕО)

Риддерліктер желіде қалаға қалың қар жауғанын жазып, видеоларын бөлісіп жатыр.

Кадр: instagram.com/cheremshanochka_vesti
Кадр: instagram.com/cheremshanochka_vesti

 

ШҚО Риддер қаласын қалың қар басты. Тұрғындар желіде қаланы қар басып қалғанын жазып, видеоларын бөлісуде, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Риддерліктер желіде қалаға қалың қар жауғанын жазып, видеоларын бөлісіп жатыр. Олардың сөзінше, қар бір тәулік бойы жауған. Қар 21 қазанда жауа бастап, бүгін тіптен қаланы басып қалған.

Еске салсақ, бұған дейін "ҚазАвтоЖол" еліміздің кей өңірінің тұрғындарына ауа райы бұзылатынын айтып, ескерту жасаған.

"Қазгидромет" РМК дерегінше, 23 қазанда ШҚО-да жауын-шашын (қар) болуы мүмкін екенін, сондай-ақ облыстың солтүстігі, оңтүстігі мен оңтүстігінде қалың қар жауып, боран болатынын ескертті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#Риддер #ШҚО