Республикамыздың қалған аумақтарында айтарлықтай жауын-шашын күтілмейді.
2026 жылғы 23 қазанда, жұмада Қазақстанның шығыс бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Қар аралас жаңбыр жауып, кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
"Қазгидромет" РМК болжамына сәйкес, еліміздің шығысында және оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарға қалың қар түседі, ал шығыста бұрқасын жүреді деп күтіледі.
Республикамыздың қалған аумақтарында айтарлықтай жауын-шашын күтілмейді.
Қазақстан бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа желдің екпін алуы, тұманның түсуі жатқызылады. Ал күндіз оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғуы ықтимал.
Сондай-ақ бірқатар өңірде күн суытып, үсік жүретіні болжанады (ауа температурасы: -1...-6°C):