$ 447.94 € 502.32 ₽ 5.52

Азия Пара ойындары: Қазақстан пара велоспорттан тағы екі алтын медаль жеңіп алды

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Қазақстандық спортшылар Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында пара велоспорттан сәтті өнер көрсетіп, екі алтын және екі күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

23 қазанда тасжолда өткен жарыста ерлер арасында B класында 65 шақырымдық қашықтықта Наиль Ермұханбетпен оның пилоты Руслан Әлиевмәреге 2 сағат 1 минут 21 секундта жетіп, алтын медаль жеңіп алды. Ал Кирилл Илюкевич пен оның пилоты Глеб Бруссенский 2 сағат 11 минут 42 секунд нәтижемен күміс жүлдегер атанды.

Әйелдер арасында 55 шақырымдық қашықтықта Анастасия Калаус пен оның пилоты Полина Братчикова 2 сағат 5 минут 47 секундта мәреге жетіп, алтын медаль иеленді. Жұлдыз Қайнарова мен оның пилоты Анжелла Соловьева 2 сағат 9 минут 43 секунд нәтижемен күміс жүлдеге қол жеткізді.

Осылайша, V Азия Пара ойындарының жетінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасының жалпы медаль саны 47-гежетті. Оның ішінде12алтын, 15күміс және 20қола медаль бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0