$ 451.05 € 504.95 ₽ 5.6

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан жүргізуші ажал құшты

Фото: Бейнежазбадан
Фото: Бейнежазбадан

Қостанайда Volkswagen Passat жеңіл көлігі мен маршруттық автобус соқтығысқан жол апатына байланысты полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген видео тарады. Қостанай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 2026 жылғы 25 қазанда кешке болған.

«Шамамен сағат 21:10-да жеңіл көлік жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзып, полицияның тоқтау туралы талабын елемей, қозғалысын жалғастырған. Назарбаев даңғылы мен Алтынсарин көшесінің қиылысында қызыл түске өтіп, автобуспен соқтығысқан», – деп мәлімдеді полиция департаменті.

Жол апаты салдарынан Volkswagen көлігінің жүргізушісі қаза тауып, жолаушы ауруханаға жеткізілді. Апат кезінде автобуста 55 адам болған. Екі жолаушыға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді. «Наша газета» басылымының мәліметінше, барлығы бес адам ауруханаға жатқызылған.

Полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0