26.10.2026, 21:30

Шыңғыс Айтматовтың қарындасы дүниеден өтті

Фото: ашық дереккөз

Қырғызстанның қоғам қайраткері Роза Айтматова 89 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Роза (Розетта) Айтматова — мемлекет және қоғам қайраткері Төреқұл Айтматовтың қызы, әлемге әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың қарындасы.

Ол Қырғызстанның білім беру саласына еңбегі сіңген қызметкер, физика-математика ғылымдарының кандидаты болған. Сондай-ақ «Әйелдерге көмек көрсету орталығын» басқарып, әйелдердің құқықтарын қорғауға және әйелдер көшбасшылығын дамытуға белсене атсалысқан.

Роза Айтматова мәдениет пен ағарту саласына қосқан үлесі үшін Шыңғыс Айтматов атындағы сыйлықтың лауреаты атанған.