$ 451.05 € 504.95 ₽ 5.6

Қызылордада 14 жасар оқушы құрдасының қолынан қаза тапты

Оқиға 21 қазанда қаланың орталық алаңында болған.

Фото: threads.com/@kairatkyzy_nurraiym
Фото: threads.com/@kairatkyzy_nurraiym

Қызылордада 14 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Алдын ала мәлімет бойынша, оған құрдасы бұрағыш сұғып алған. 

Оқиға 21 қазанда қаланың орталық алаңында болған. Сол жерде жұмыс істеп жүрген 14 жастағы баланың кеуде тұсына бұрағыш қадалған.

Полиция аталған дерек бойынша абайсызда адам өліміне әкеп соққан қасақана ауыр дене жарақатын келтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Күдікті жасөспірім облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

Бұдан бөлек, кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау дерегі бойынша да қылмыстық іс тіркелді.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Істің барысы полиция басшылығының ерекше бақылауына алынған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1