28.10.2026, 12:20

Астанадағы балабақшада 1,5 жасар бала ыстық сорпаға күйіп қалды

Фото: Pixabay

Баланың анасы балабақша өкілдері болған жағдайға өздерінің қатысы барын мойындамағанын айтқан.

Астанада балабақшада бір жарым жастағы баланың ауыр күйік алуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сәйкес, оқиға 2 қазанда болған. Бір жарым жастағы бүлдіршін ыстық сорпаға күйіп қалып, денесінің 10 пайызы үшінші дәрежелі күйік алған.

Баланың анасы балабақша өкілдері болған жағдайға өздерінің қатысы барын мойындамағанын айтқан.

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

«Балабақша қызметкерінің кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамауы» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында бейнебақылау камераларының жазбалары алынып, қазір зерттеліп жатыр», – деп хабарлады полиция.