28.10.2026, 10:20

Пәтерді босатудан бас тартқан: Астанада 22 жастағы жігіт үй иесін соққыға жықты

Фото: видеодан скрин

Ер адам балағат сөздер айтқаны үшін сот шешімімен 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған.

Астанада жалға алған пәтерін уақытында босатпаған 22 жастағы жігіт үй иесімен жанжалдасып, қызға шабуыл жасаған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Полицияның мәліметінше, пәтерді босату мәселесі екі тараптың арасында жанжал туғызған. Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.

Жазбада жігіттің балағат сөздер айтып, жағдайды телефонға түсіріп тұрған қызға тап бергені көрінеді.

Астана қалалық полиция департаменті күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталғанын хабарлады.

«Пәтер иесімен арада туындаған жанжал кезінде ол қызға дене жарақатын салып, ар-намысына тиетін балағат сөздер айтқан. Денсаулыққа қасақана зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жалғасып жатыр», – делінген полиция хабарламасында.

Сонымен қатар ер адам балағат сөздер айтқаны үшін сот шешімімен 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған.