28.10.2026, 11:25

Президент: Қазақстанның барлық өңірінде жаппай құрылыс жұмыстарын жандандыру қажет

Фото: Ақорда

Бүгін Президент Жолдауында Қазақстанның барлық өңірінде әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және құрылыс жұмыстарын жандандыру мәселесіне басымдық берілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Мемлекет басшысы азаматтарды сапалы әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету халықтың тұрмыс сапасын арттырудың маңызды шарты екенін атап өтті.

Президенттің айтуынша, елімізде инфрақұрылым қалыптастыруға ерекше назар аударып, барлық өңірде ауқымды құрылыс жұмыстарын бастау қажет.

«Қазақстан ауқымды құрылыс алаңына айналуға тиіс. Мәселе жекелеген жобаларға қатысты болып отырған жоқ. Жалпы, барлық аймақта жаппай құрылысты бастап, жандандыру қажет», – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент облыстардың денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт нысандарына деген қажеттілігін жан-жақты зерттеп, талдау жұмыстарын жедел аяқтауды тапсырды.