$ 455.63 € 507.89 ₽ 5.65

Тоқаев үкімет пен әкімдерге қала инфрақұрылымының цифрлық сыңарын тез дайындауды тапсырды

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Бүгін Қазақстан халқына Жолдауын арнаған президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет пен әкімдерге қалаларды дамыту үшін нақты орта және ұзақ мерзімдегі даму жоспарын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Еліміз ұдайы қарқынды дамуы үшін ауқымды міндеттерді сапалы әрі жедел іске асыру өте маңызды. Азаматтарымыз толыққанды әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтылуы керек. Бұл – халықтың тұрмыс сапасын көтерудің маңызды шарты. Сондықтан басты назарды инфрақұрылым құру ісіне аударамыз. Бұған дейін де айттым: Қазақстан ауқымды құрылыс алаңына айналуға тиіс. Мәселе жекелеген жобаларға қатысты болып отырған жоқ», - деді Тоқаев.

Осыүшін президент Қазақстан ауыл-аймақтарды дамыту мәселесін әрдайым ерекше бақылауда ұстайды деді.

«Алайда, қазір экономика, білім мен технологияның тірегі де, таланттарды шыңдайтын да негізгі қалалар екенін атап өткен жөн. Сайып келгенде, қуатты қалалар қуатты аймақтардың, ал қуатты аймақтар күшті мемлекеттің негізін қалайды. Сондықтан әрбір ірі қаланың Үкімет бекіткен нақты орта және ұзақ мерзімдегі даму жоспары болуға тиіс. Сонымен қатар қала ресурсын тиімді басқару үшін Үкімет әкімдіктермен бірлесіп, қала инфрақұрылымының цифрлық сыңарын көп ұзамай әзірлеуге тиіс», - деді Тоқаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0