28.10.2026, 11:25

«Логистика инфрақұрылымын дамытуға баса мән беру қажет» — Президент

Фото: ММА

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Мемлекет басшысы:   «Келесі мәселе. Логистика инфрақұрылымын дамытуға баса мән беру қажет.   Бұл – еліміздің өсіп-өркендеуіне ықпал ететін маңызды фактордың бірі.   Қазіргі таңда логистика мәселесімен барлық елдер айналысуда. Дамыған көлік логистикасы болмаса, тіпті, бүгінгі күшті ел ертең құрдымға кетеді.   Келесі жылы елімізде «Бақты – Аягөз» теміржол желісі іске қосылады. Жаңа бағыттың арқасында Қытаймен арадағы жүк өткізу мүмкіндігі 20 миллион тоннаға артады.   Тамыз айында «Арал – Каспий» күре жолының құрылысы басталды. Бұл жоба Транскаспий дәлізінің қашықтығын шамамен 1 мың шақырымға қысқартып, жүк жеткізу мерзімін үш күнге дейін азайтады.   Үкімет осы салада қолға алынған барлық жобаның сапалы әрі уақтылы орындалуын қатаң бақылауға алады.