28.10.2026, 12:10

Тең мүмкіндік беріп, әділ бәсекеге жол ашу қажет – Президент кәсіпкерлерге қолдау көрсетуді тапсырды

Фото: Ақорда

Қазақстанда азаматтық инфрақұрылымды ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке мемлекеттік қаражатты жеке инвестиция тартуға кепіл ретінде пайдаланып, қаржыландырудың тиімді тетіктерін әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қорыта айтқанда, бүкіл ел азаматтық инфрақұрылымды түбегейлі жаңартып, қайта құруға кіріседі.

Алайда мұндай стратегиялық маңызды міндетті шешуде тек мемлекеттік ресурстарға ғана сүйенуге болмайды. Әйтпесе кәсіпкерлік белсенділік төмендеп, экономикада патернализмнің, яғни мемлекеттің көмегіне арқа сүйеп, дайынға үйренудің тамырына балта шабудың орнына, оның тамыр жаюына жол ашылады. Мұның соңы неге әкелетіні белгілі. Үкімет ұзақ мерзімді қаржыландырудың барлық көзін жұмылдыруы керек, - деп атап өтті Президент.

Айтуынша, тиімді тетіктер ойластыру керек. 

Бұл ретте заң талаптарын бұзбай, мемлекетіміздің мүддесіне сай әрекет ету үшін қаржы қауымдастығымен бірлесіп, тиімді тетіктерді ойластыру қажет. Қабылданатын шешімдердің логикасы қарапайым: мемлекеттік қаражат жеке инвестицияларды тартуға кепіл болуы керек, - деді Мемлекет басшысы.