28.10.2026, 17:40

Өскеменде жеңіл көлік пен жедел жәрдем бетпе-бет соқтығысты (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Жол апатының салдарынан бір жолаушы дәрігерлердің көмегіне жүгінуіне мәжбүр болды.

Өскеменде автомобиль мен жедел жәрдем көлігі соқтығысып қалды. Оқыс жағдайға қатысты Полиция департаменті ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Видео авторының айтуынша, жеңіл көлік жүргізушісі жедел жәрдемге жол бермеген.

"Өскеменде 2026 жылдың 27 қазаны күні сағат 09:30 шамасында Әуезов пен Жеңіс даңғылдарының қиылысында жол-көлік оқиғасы болды. "ГАЗ-A31R23" маркалы жедел жәрдем мен Toyota Camry көліктері соқтығысып қалды", – делінген ПД хабарламасында.

Алдын ала мәлімет бойынша, жедел жәрдем көлігі бағдаршамның қызыл белгісінен өтіп бара жатып, қарсы беттегі көліктердің жол бермегенінен назар аудармаған. Оқиғаға қатысты мән-жайлар анықталып жатыр.