$ 457.09 € 508.42 ₽ 5.67

«Шығынды кім өтейді»: Астанада BI Group салған үйдің тұрғындары жарықсыз қалып, техникалары күйіп кетті

Тұрғындар уақытында мәселені шешпеген компанияға шүйлігіп, жағдайға нақты кім жауап беретінін сұрап отыр.  

Фото: kaztag
Фото: kaztag

Астанадағы BI Group тұрғын үй кешендерінің бірінде электр жарығы жиі өшіп, тұрғындардың тұрмыстық техникалары бірінен соң бірі істен шыға бастады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жарықтың тұрақсыз берілуінен кір жуғыш машинасы бұзылған тұрғын компаниядан келтірілген шығынды өтеп беруді талап етуде. Кішкентай балалары бар отбасылар тоқтамайтын жөндеу жұмыстары мен қараңғыда отырудан әбден мезі болғанын айтады.

Тұрғындар уақытында мәселені шешпеген компанияға шүйлігіп, жағдайға нақты кім жауап беретінін сұрап отыр. Пәтерге қыруар ақша төлеп, енді өз үйінде зардап шегіп отырған азаматтардың ашу-зары әлеуметтік желіде үлкен резонанс тудырды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0