Ақсай филиалына қарасты Қаскелең орманшылығы аумағында орман өрті тіркелген.
Алматы облысындағы Қаскелең шатқалында жеке меншік жер учаскесінен мемлекеттік орман қоры аумағына тараған өрт оқшауланды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне сілтеме жасап.
28 қазанда Ақсай филиалына қарасты Қаскелең орманшылығы аумағында орман өрті тіркелген.
Өрт ұлттық парк аумағында орнатылған орман өрттерін ерте анықтау жүйесі арқылы сағат 13:14-те байқалған.
Таулы жер бедері мен өрт ошағына техниканың жетуі қиын болғандықтан, өрт сөндіру жұмыстары сағат 14:00-де басталды.
– Жеке меншік жер учаскесінен мемлекеттік орман қоры аумағына таралған өртті сөндіруге 43 адам мен 10 бірлік техника жұмылдырылды, – деп хабарлады ұлттық парк.
Өрт сол күні сағат 16:50-де оқшауланды.
Ұлттық парк мамандарының мәліметінше, өртті ерте анықтау жүйесінің жедел хабарлауы мен тиісті қызметтердің үйлесімді әрекеті жалынның таралуын дер кезінде тоқтатуға мүмкіндік берген.