$ 453.71 € 505.8 ₽ 5.63

Шымкент әуежайында 227 млн теңгенің алтынын жасырып өткізбек болған

Қадағалау органының мәліметінше, шетел азаматтары салмағы 2,8 келіге жуық бағалы металды кедендік бақылаудан жасырын өткізуді көздеген.

Фото: ЖИ
Фото: ЖИ

Өзбекстан азаматтары Шымкент әуежайы арқылы Түркияға 227,8 млн теңгенің алтынын заңсыз алып өтпек болған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Қадағалау органының мәліметінше, шетел азаматтары салмағы 2,8 келіге жуық бағалы металды кедендік бақылаудан жасырын өткізуді көздеген.

Олар алтынның бөлшектерін шабадандардың ішкі астарына және жүк қаптамаларына жағып, кедендік тексеруден жасырмақ болған.

– Сот үкімі шыққанға дейін құны 227,8 млн теңгені құрайтын 2,8 келіге жуық алтын мемлекет пайдасына тәркіленді. Бұл шешім Бас көлік прокуратурасының өтінішхаттары негізінде қабылданды, – деп хабарлады прокуратура.

Қазіргі уақытта күдіктілерге халықаралық іздеу жарияланды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0