01.11.2026, 10:00

Тоқаев Алжир Президентін Революция күнімен құттықтады

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббунның жауапты қызметіне табыс, ал Алжир халқына құт-береке тіледі.

Мемлекет басшысы Алжир Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббунды Алжир Халық Демократиялық Республикасының ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады. Президент достық пен өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббунның жауапты қызметіне табыс, ал Алжир халқына құт-береке тіледі.