01.11.2026, 11:30

Мысырда шағын автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 10 адам қаза тапты

Фото: Anadolu Ajansı

Тағы 24 адам жарақат алды.

Мысыр астанасы Каирдің батысында шағын автобус пен жүк көлігі соқтығысып, кемінде 10 адам қаза тапты. Тағы 24 адам жарақат алды, деп хабарлайды Anadolu Ajansı.

Мысыр Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жол апаты Гиза провинциясындағы 6 қазан ауданында, Орта айналма жол мен Дабаа тасжолының қиылысында болған.

Жолаушылар тасымалдайтын шағын автобус пен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан 10 адам көз жұмып, 24 адам түрлі жарақат алған. Зардап шеккендердің 10-ының жағдайы тұрақсыз деп бағаланып отыр.

– Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін барлық қажетті ресурстар жұмылдырылды. Дәрі-дәрмек, донорлық қан және медициналық материалдармен қамтамасыз ету шаралары қабылданды, – деп мәлімдеді Мысырдың Денсаулық сақтау министрлігі.

Қазіргі уақытта зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр.