"Қазгидромет" болжамы бойынша, дүйсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
"Қазгидромет" РМК Қазақстан аумағы бойынша 2026 жылғы 2 қарашаға арналған ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ұлытау облысының батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 2 қарашада төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.
Атырау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда да 2 қарашада төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданындағы желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Түнде облыста 3-8 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 2 қарашада түнде 6-8 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсетіні де болжанады.
Түнде және таңертең Абай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі.
Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 2 қарашада түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.
Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Қызылорда облысында 1-6 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 2 қарашада түнде 1-3 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарындағы желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Таразда 2 қарашада жоғары өрт қаупі күтіледі.
Маңғыстау облысында жоғары өрт қаупі, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында, тау бөктерлі аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте 2 қарашада жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістанда 2 қарашада жоғары өрт қаупі күтіледі.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түсетіні де болжанады. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда 2 қарашада түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең тұман түсетіні де болжанады.
Түнде Алматы облысы бойынша 1-6 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 2 қарашада жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта 2 қарашада жоғары өрт қаупі сақталады.