01.11.2026, 21:30

Астана тұрғындары мен қонақтарына маңызды ескерту жасалды

Фото: Астана телеарнасы

Сонымен қатар 1 қарашадан бастап елорда аспанында әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшулары жоспарланған.

Астанада 5-7 қараша күндері бірқатар халықаралық саяси іс-шараға байланысты қала көшелерінің кейбір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Мемлекеттік күзет қызметінің мәліметінше, шектеулер ауқымды халықаралық іс-шаралардың өткізілуіне байланысты енгізіледі. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арнайы мемлекеттік органдар, құқық қорғау органдары мен Қазақстан Қарулы Күштерінің күштері мен құралдары жұмылдырылады.

Хабарламада:

«Астана қаласында бірқатар ауқымды халықаралық саяси іс-шаралар өткізілуіне байланысты 2026 жылғы 5-7 қарашада қала көшелерінің жекелеген бөлігінде көлік құралдарының жүруіне уақытша шектеу қойылады.

Іс-шараларда Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен Қарулы Күштерінің күштері мен құралдарын пайдалану көзделген», – делінген.

Сонымен қатар 1 қарашадан бастап елорда аспанында әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшулары жоспарланған.

«Елорда тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды оқиға уақытында өткізілетін қауіпсіздікті қорғау шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген хабарламада.