01.11.2026, 23:30

Жүргізушілерді наразылыққа шақырған алматылық 15 тәулікке қамалды (ВИДЕО)

Фото: Караван

Сот шешімімен Асылжан Баймұханов кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Алматы қаласының полиция қызметкерлері көліктерге қойылған салмақтық шектеулерге қарсы наразылық акциясына шақырған видеоны жариялаған азаматты анықтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада ер адам жүргізушілерді 1 қараша күні жүк көліктерін жаппай әрі ұйымдасқан түрде тоқтатуға үндеген.

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, видео авторы 41 жастағы Асылжан Баймұханов болып шыққан. Ол рұқсат етілмеген жаппай іс-шараға шақырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот шешімімен Асылжан Баймұханов кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.