02.11.2026, 12:00

АҚШ-тың Флорида штатында ұшақ құлап, тоғыз адам қаза тапты

Фото: nypost.com

Тірі қалған ешкім жоқ.

АҚШ-тың Флорида штатындағы Палм-Бич қаласында ұшақ көшеге құлады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Апат салдарынан тоғыз адам қаза тапты АҚШ Көлік министрлігінің басшысы хабарлағандай, апатқа ұшыраған бизнес-джет бортында тоғыз адам болған.

Тірі қалған ешкім жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ құлаған кезде кемінде бір тұрғын үй тіркемесін қиратып, оқиға орнында үлкен өрт пайда болған.