02.11.2026, 14:25

Павлодар іргесіндегі ауылда жол жоқ: тұрғындар батпақ кешіп жүр

Фото: Видео скриншот

Олардың айтуынша, жергілікті билік тарапынан тиісті көңіл бөлінбей, ауылдың жағдайы жылдан-жылға нашарлап барады. 

Павлодар қаласынан небәрі 50 шақырым қашықтықта орналасқан Рождественка ауылының тұрғындары жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан әлеуметтік мәселелерге алаңдаулы, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Олардың айтуынша, жергілікті билік тарапынан тиісті көңіл бөлінбей, ауылдың жағдайы жылдан-жылға нашарлап барады.

Елді мекендегі ең өзекті мәселенің бірі – жолдың жай-күйі. Жөнделмеген жолдың кесірінен оқушылар мектепке жету үшін батпақ кешуге мәжбүр. Ауыл көшелерінде асфальттың жоқтығы, қараусыз қалған ғимараттар мен иесіз нысандар да елді мекеннің бүгінгі мүшкіл халін аңғартады.

Тұрғындардың сөзінше, жұмыссыздық пен әлеуметтік жағдайдың төмендігі салдарынан көптеген отбасы ауылдан көшіп кетуге мәжбүр. Ал ауылда қалған жұртшылық туған жерінің болашағына алаңдап отыр.

Облыс орталығынан небәрі 50 шақырым жерде орналасқан ауылдың осындай күйге түсуі жергілікті атқарушы органдардың жұмысына қатысты заңды сұрақтар туындатады. Тұрғындарды толғандырған мәселелер қашан шешімін табады? Рождественка ауылына жауапты мекемелер қашан назар аударады? Дереккөз: @tatarka.pvl