Оқиға Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесінің қиылысында болған.
Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үйдің ауласынан адамның денесі табылғаны туралы видео әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бейнежазбада оқиғаның Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесінің қиылысында болғаны айтылған. Сондай-ақ кадрларда полиция қызметкерлерінің келгені көрінеді.
Жағдайға қатысты Шымкент қалалық полиция департаменті түсінік берді.
Ведомствоның мәліметінше, 1 қарашада «БИИК» тұрғын үй кешенінде биіктіктен құлау салдарынан 22 жастағы ер адам қаза тапқан.
– Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, – делінген полиция хабарламасында.
Сондай-ақ полиция ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын хабарлады.