$ 453.87 € 508.33 ₽ 5.65

Тоқаев Qarmet компаниясының жаңа сұрыпты прокат кешенінің құрылыс алаңында болды

🔹Кешенде сағатына 100 тоннаға дейін металл өткізе алатын, өнімділігі жоғары қыздыру пеші бар.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Президент Qarmet компаниясының жаңа сұрыпты прокат кешенінің құрылыс алаңында болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

🔹Өндіріс кешені іске қосылғанда жылына 540 мың тоннадан астам дайын өнім шығарады. Жобаның технологиялық серіктесі – қытайлық CERI инжиниринг компаниясы.

🔹Мемлекет басшысына баяндалғандай, жаңа цех беріктігі жоғары, А600 және А1000 санатты болат арматура шығаруға, сондай-ақ бұрыштар, швеллерлер және басқа да сұранысқа ие металл өнімдерінің түрлерін көбейтуге мүмкіндік береді.

🔹Кешенде сағатына 100 тоннаға дейін металл өткізе алатын, өнімділігі жоғары қыздыру пеші бар.

🔹Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде Qarmet сұрыпты прокатты шығару көлемін ұлғайтады. Ал бұл ішкі нарықтың импортқа тәуелділігін азайтып, кәсіпорынның құрылыс сегментіндегі, соның ішінде АЭС құрылысындағы әлеуетін кеңейтеді.

🔹Қазіргі уақытта нысанда негізгі технологиялық жабдықтарды монтаждау және қажетті инфрақұрылымды салу жұмыстары жүргізілуде. Сұрыпты прокат цехын жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

✔️Qarmet компаниясының инвестициялық бағдарламасы 3,5 миллиард долларды құрайды. Металлургия комбинатында 4 жаңа жоба, атап айтқанда №8, 9 кокс батареялары, сұрыпты прокат кешені, мырыштау және полимерлі жабын желісі, құю-илемдеу кешенінің құрылысы іске асырылып жатыр.

✔️Компанияның стратегиялық мақсаты – 2028 жылға қарай  жылына 5 миллион тонна болат, 9 миллион тонна көмір және 5 миллион тонна темір рудалы концентрат өндіретін деңгейге жету. Бұдан бөлек, өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, экологиялық көрсеткіштерді арттыру және отандық металл өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін күшейту міндеті тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0