$ 452.91 € 509.43 ₽ 5.53

«4 баласы болған»: Ақтөбедегі Неке сарайында ажал құшқан 26 жастағы келіншек туралы тың дерек шықты

Балалардың екеуі қазіргі уақытта қылмыс жасады деген күдікке ілінген ер адамнан туған. 

Фото: 2gis.kz
Фото: 2gis.kz

Ақтөбеде Неке сарайында өлтірілген 26 жастағы әйелдің төрт баласы болғаны белгілі болды. Күдікті – марқұмның бұрынғы азаматтық некедегі жұбайы, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, Неке сарайында кісі қолынан қаза тапқан Ақтөбе тұрғыны көпбалалы ана болған. Оның артында төрт баласы қалды.

Балалардың екеуі қазіргі уақытта қылмыс жасады деген күдікке ілінген ер адамнан туған.

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, күдікті – әйелдің бұрынғы бірге тұрған адамы. Екеуі шамамен үш жыл қарым-қатынаста болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал ата-ана құқығынан бас тарту мәселесіне байланысты туындаған. Ер адам оқиға орнында ұсталып, қазір уақытша ұстау изоляторына қамалған. Әйел қайтыс болғаннан кейін екі бала уақытша балалар үйіне орналастырылды. Қалған екі баланың тағдыры туралы әзірге ресми ақпарат жоқ.

«Отбасылық жағдайларға байланысты кәмелетке толмаған екі бала "Үміт" балалар үйіне орналастырылды. Бұл жағдай облыстық Бала құқықтарын қорғау басқармасы мен құзырлы органдардың бақылауында», – деді Ақтөбе облысы Бала құқықтарын қорғау басқармасының басшысы 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0