$ 452.91 € 509.43 ₽ 5.53

«Концертті тоқтатты»: Алматыда Меладзенің концертінде әйелдер жанжал шығарған (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде оқиға куәгерлерінің бірі жанжалдың неден басталғанын айтып берді.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Алматыда ресейлік әнші Валерий Меладзенің концерті кезінде көрермендер арасында жанжал туындады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Алдыңғы қатардан орын алғысы келген бірнеше әйел бір-бірін итеріп, арты төбелеске ұласқан. 

Көрермендер арасындағы шудың салдарынан әнші концертті уақытша тоқтатуға мәжбүр болған. Ол жанжал шығарғандарға ескерту жасап, бір-біріне қол көтермеуді талап етті.

«Неге бір-біріңізді итересіздер? Егер біреулер біреуді итеріп, жұлқыласа, бірден концертті тоқтатамын», – деді Валерий Меладзе.

Әлеуметтік желіде оқиға куәгерлерінің бірі жанжалдың неден басталғанын айтып берді. Оның сөзінше, артқы қатарда тұрған әйел алдыңғы орындарда отырған қыздарды итеріп, тіпті ұрып жіберген.

Куәгер қыздардың концерт басталмай тұрып, алғашқы қатардан орын алу үшін төрт сағат бұрын келіп, кезек күткенін жазған.

Оқиғаға қатысты желі қолданушылары да пікір білдіріп, концерт кезіндегі мұндай әрекетті сынға алды. Көпшілік көрермендердің бір-біріне құрмет танытпағанын айтып, наразы болды.

Куәгерлердің мәліметінше, жанжалдан кейін күзет қызметкерлері оқиғаға қатысқандарды залдан шығарып жіберген. Ал әнші болған жағдайға таңданысын жасырмаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0