05.11.2026, 15:30

Қазпоштаның мүшкіл халі: Көкшетау тұрғындары бөлімшенің жағдайына наразы

Фото: Видео скриншот

Васильков шағынауданында орналасқан бөлімшенің едені ойылып, төсеніштері тозған, ал келушілерге арналған орындықтар кір-қоқысқа батқан. 

Халыққа қызмет көрсетуге тиіс ұлттық пошта операторының Көкшетау қаласындағы бөлімшелерінің бірі қараусыз қалғандай әсер қалдырады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Васильков шағынауданында орналасқан бөлімшенің едені ойылып, төсеніштері тозған, ал келушілерге арналған орындықтар кір-қоқысқа батқан. Зейнетақысы мен жәрдемақысын алуға келген тұрғындар осындай қолайсыз әрі санитарлық талаптарға сай келмейтін жағдайда қызмет алуға мәжбүр. Жұрт мемлекеттік маңызы бар мекеменің мұндай күйге түскеніне наразылық білдіріп, жауапты тұлғалардың салғырттығын сынға алуда. Осы мәселеге Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен Көкшетау қаласының әкімі назар аударып, бөлімшенің жағдайын ретке келтіру үшін тиісті шаралар қабылдауы қажет. Халыққа қызмет көрсетуге арналған мекеменің осындай мүшкіл күйде болуы – жауапты басшылардың жұмысына сын. Тұрғындар ең болмағанда қарапайым тазалық пен қолайлы жағдайды талап етуге құқылы. Дереккөз: zhiz_kokshe