Қызылордада бірнеше күн бұрын хабар-ошарсыз жоғалып кеткен 65 жастағы Ғани Көшербаевтың мәйіті табылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қала тұрғыны 29 қазан күні үйінен шығып, қайта оралмаған. Оны іздеуге барлық күш пен құрал жұмылдырылып, кешенді жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілген.
Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған ер азаматтың мәйіті қала аумағынан табылды. Сот сараптама қорытындысымен мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.
Ведомство марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Бұған дейінгі жарияланған ақпараттарда Ғани Көшербаевтың деменция диагнозы бар екені айтылған еді.