Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Астанада тұрғын үй ауласында зейнеткерге шабуыл жасаған ер адам ұсталды. Оқиға сәті бейнебақылау камерасына түсіп, әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Instagram желісіндегі Astanovka98 парақшасында жарияланған кадрлардан белгісіз ер адамның орындықта отырған қарияға жақындап, күш қолданғанын көруге болады. Осы сәтте оқиға орнынан өтіп бара жатқан әйел зейнеткерге араша түсуге тырысқан. Алайда ер адам әйелге қарай ұмтылып, оған да шабуыл жасаған.
Астана қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
«28 жастағы ер адам алкогольді мас күйде подъезден шығып, ер адамға дене жарақатын салған. Одан бөлек зейнеткерге араша түспек болған 41 жастағы әйелді ұрған», – деп хабарлады полиция өкілдері.